Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫСЫ
Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №309 31 наурыз 2025 жыл
Хромтау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының
13-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және
31-баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген ардагерлерге;
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
6) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар.
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
2) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:
екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар балалар.
4.«Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5.«Хромтау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.
|
Хромтау ауданының әкімі |
Н.Ж. Тлеумұратов |
|
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы |
Э.Б. Болатов |