Хромтау аудандық мәслихатының №306 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №306                        31 наурыз 2025 жыл

 

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

жиырма тоғызыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Хромтау аудандық мәслихатының қызметі туралы есебі.

Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Хромтау аудандық мәслихаттың төрағасы

2) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №115 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Хасанов Нурлан Мырзалиевич - аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

3) Хромтау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы.

Баяндамашы: Сарсенгалиев Ренат Сагингалиевич – Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

4) Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы.

Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Аудандық мәслихаттың төрағасы.

 

 

Хромтау аудандық                                                             

мәслихатының төрағасы                                                                    Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
08 апреля 2025