Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №304 2025 жыл
Хромтау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы №286
«2025-2027 жылдарға арналған Никельтау
ауылының бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау ауданының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Никельтау ауылының бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 55 146 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 17 900 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 37 246 мың теңге;
2) шығындар – 58 571 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 425 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 425 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 425 мың теңге.».
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов