Хромтау аудандық мәслихатының №295 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                               № 295                    14 ақпан 20254 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2024 жылғы 24 желтоқсандағы

№260 «2025-2027 жылдарға арналған

Хромтау ауданының бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                      

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 17 051 150 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 12 640 900 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 390 150 мың теңге;

2) шығындар –  19 069 607,6  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -19 439 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 31 456 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 50 895 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 999 018,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               1 999 018,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 31 456 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 50 895 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 018 457,6 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы               Э.Б. Болатов

Дата публикации
14 февраля 2025