Хромтау аудандық мәслихатының №294 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №294                      14 ақпан 2025 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс жиырма жетінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №260 «2025-2027 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы №189 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау  жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.

3) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 15 сәуірдегі №177 «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

         Баяндамашы: Рсалин Койшыбай Ибраемович - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                        Э.Б. Болатов

Дата публикации
14 февраля 2025