Хромтау аудандық мәслихатының №276 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Хромтау қаласы                             №   276                                           2024 жыл

 

2025-2027 жылдарға арналған Абай

ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

                1)  кірістер – 45 151  мың теңге:

салықтық түсімдер – 11 450 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  – 33 701 мың теңге;

  • шығындар – 45 151 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Абай ауылдық округінің бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып  белгіленсін:

салықтық түсімдер бойынша:

табыс салығы, оның ішінде жеке табыс салығы;

меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдер;

салықтық емес түсімдер бойынша:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
         жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

          1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

          2) айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңге;

          3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 46 228 теңге болып белгіленсін.

  1. 2025 жылға  арналған Абай ауылдық округінің бюджетіне  аудандық бюджеттен берілген 24 952 мың теңге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған Абай ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 8 749 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Абай ауылдық округінің әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Хромтау аудандық маслихатының

төрағасы                                                                                       Э.Б. Болатов

Дата публикации
17 января 2025