Хромтау аудандық мәслихатының №275 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Хромтау қаласы                             №   275                                           2024 жыл

 

2025-2027 жылдарға арналған

Хромтау қаласының

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Хромтау қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

                1)  кірістер – 1 813 686  мың теңге:

салықтық түсімдер – 575 610 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге; 

трансферттер түсімі  – 1 236 076 мың теңге;

  • шығындар – 1 813 686 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Хромтау қаласы бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

салықтық түсімдер бойынша:

табыс салығы, оның ішінде жеке табыс салығы;

меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдер;

салықтық емес түсімдер бойынша:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
         жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1)  жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге;

2) айлық есептік  көрсеткіш  - 3 932 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшердерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 46 228 теңге болып белгіленсін.

  1. 2025 жылға арналған Хромтау қаласының бюджетіне аудандық бюджеттен 1 127 780 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Хромтау қаласы әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                             Э.Б.  Болатов

Дата публикации
17 января 2025