Хромтау аудандық мәслихатының №270 шешімі

Хромтау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 
3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 347 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасынасәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   Аудандық мәслихаттың төрағасы                                           Э.Б. Болатов

Дата публикации
24 декабря 2024