Хромтау аудандық мәслихатының №268 шешімі

Хромтау аудандық мәслихаты мен

аппаратының 2025 жылға арналған

құрылымын бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихаты мен аппаратының 2025 жылға арналған құрылымы 1 және 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса беріледі).
  2. Хромтау аудандық мәслихатының төрағасына еңбек ақы қоры бойынша үнемделген қаржыны аппарат қызметшілеріне өздігінше сыйақы тағайындауға немесе қызметтік жалақыларына үстемақы белгілеуге рұқсат етілсін.
  3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №107 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

 

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы                                     Э.Б. Болатов

Дата публикации
24 декабря 2024