Хромтау аудандық мәслихатының №260 шешімі

2025-2027 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін

бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және  3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер                                                                        13 753 231 мың теңге:

салықтық түсімдер                                                         11 026 900 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                       15 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер                         5 000 мың теңге;

трансферттер  түсімі                                                        2 706 231 мың теңге;

2) шығындар                                                               13 753 231 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу                                           - 19 439 мың теңге:

бюджеттік кредиттер                                                          31 456 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                                                 50 895 мың теңге; 

4) қаржы активтерiмен

операциялар бойынша сальдо                                                               0 теңге:

қаржы активтерiн сатып алу                                                                  0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер                  0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)                                  -19 439 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)                                                   19 439 мың теңге:

қарыздар түсімі                                                                  31 456 мың теңге;

қарыздарды өтеу                                                                        50 895 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары                                 0 теңге.

  1. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетін болып белгіленсін:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);                            

жергілікті бюджетке төленетін тіркелгені үшін алым; 

қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер;

білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер; 

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер.

  1. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) зейнетақының ең төмен мөлшері – 62 771 мың теңге;

3) айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 46 228 теңге.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте салық түсімдерінің жалпы сомасын келесі мөлшерде бөлу белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша                       50 пайыз;

2)  әлеуметтік салық бойынша  55 пайыз;

3) мұнай секторындағы ұйымдардың кірістерін қоспағанда, кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығы 60 пайыз.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар 5 771 853 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  2. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен аудандық манызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар 325 476 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2025 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттер түскені ескерілсін:

         1)_мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға.

Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттер түскені ескерілсін:

1) «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

2) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

3) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

5) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді – мекендердің көшелерін қайта құруға;

6) ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

7) ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға;

8) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу үшін;

 Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу аудан әкімдігі  қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 200 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                      Э.Б. Болатов

Дата публикации
24 декабря 2024