Аудандық мәслихаттың кезекті
жиырма бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) 2025-2027 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: К.А. Тлеубаев - «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.
2) Хромтау ауданында медициналық көмектің сапасын және медициналық профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру туралы.
Баяндамашы: М.Қ Сергазин - Аудандық аурухананың бас дәрігері.
3) Тасөткел ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: А.К. Баймурзин – Тасөткел ауылдық округінің әкімі.
4) Көктау ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: Б.С. Усмаханов – Көктау ауылдық округінің әкімі.
5) Никельтау ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: І. Алдаберген – Никельтау ауылының әкімі.
6) Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
Баяндамашы: У.М. Жаналин – аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
7) Аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
Баяндамашы: Б.К. Мулдашева – аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
8) Хромтау аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: А.О. Мухамеджанова – «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің аппарат басшысы.
9) Хромтау аудандық мәслихаты мен аппаратының 2025 жылға арналған құрылымын бекіту туралы.
Хабарламашы: А.О. Мухамеджанова – «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің аппарат басшысы.
10) 2025 жылға арналған Хромтау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Баяндамашы: К.А. Тлеубаев - «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.
11) Хромтау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормаларын бекіту туралы.
Баяндамашы: Р. Сарсенгалиев - «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.
12) Хромтау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
Баяндамашы: Р. Сарсенгалиев - «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.
13) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 30 мамырдағы № 214 «Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Р. Сарсенгалиев - «Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.
14) Аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Баяндамашы: Э.Б. Болатов – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Э.Б. Болатов