Хромтау аудандық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№101 «2024-2026 жылдарға арналған
Хромтау ауданының бюджетін бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 15 960 839 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 12 123 595 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 72 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 43 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 722 144 мың теңге;
2) шығындар – 18 934 270,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 435 123 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 473 801 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 38 678 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 408 554,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 408 554,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 1 334 727 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 38 678 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 112 505,6 мың теңге.».
Хромтау аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов