Хромтау аудандық мәслихатының №255 шешімі

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс жиырма төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма төртінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 147 «Терроризмге қарсы комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы:   Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.

3) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 13 наурыздағы № 298 «Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы:   Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                        Э.Б. Болатов

Дата публикации
20 декабря 2024