Хромтау аудандық мәслихатының №233 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                № 233                    4 қараша 2024 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2023 жылғы 22 желтоқсандағы

№101 «2024-2026 жылдарға арналған

Хромтау ауданының бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                      

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 16 294 703 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 12 451 300 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 72 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 43 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 728 303 мың теңге;

2) шығындар –  19 268 134,6  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 299 479 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 338 157 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 38 678 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 272 910,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               3 272 910,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 1 199 083 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 38 678 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 112 505,6 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы               Э.Б. Болатов

Дата публикации
05 ноября 2024