Хромтау аудандық мәслихатының №232 шешімі

 

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №232                             4 қараша 2024 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс жиырма екінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) 2024 жылға арналған Хромтау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

3) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №335 «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Хасанов Нұрлан Мырзалиевич - аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

4) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 15 сәуірдегі №177 «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

         Баяндамашы: Рсалин Койшыбай Ибраемович - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

5) Аудандық маслихаттың 2023 жылғы 12 желтоқсанындағы №109 «Хромтау ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізі туралы.

Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.

6) Аудандық маслихаттың 2024 жылғы 03 наурыздағы №145 «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссия дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - аудан әкімі аппаратының басшысы.

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                        Э.Б. Болатов

Дата публикации
05 ноября 2024