Хромтау аудандық мәслихатының №230 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №230                                                     2024 жыл

Хромтау аудандық мәслихатының

2023 жылғы 27желтоқсандағы № 130

«2024-2026  жылдарға арналған «Ақтөбе

Облысы Хромтау ауданы Tасөткел

 ауылдық  округінің аппараты» ММ

 бюджетін бекіту туралы» шешіміне

 өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2024-2026 жылдарға арналған «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Tасөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 130 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Tасөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тиісінше 1, 2және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 101 001 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3190 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі – 97 811 мың теңге;

2) шығындар –  101 861 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -860,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 860,0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 860,0 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының  төрағасы

 

Э.Б.Болатов

Дата публикации
02 сентября 2024