Хромтау аудандық мәслихатының №217 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №217                                            2024 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 117 «2024-2026 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсанындағы №117  «2024-2026 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

            «1. 2024-2026 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің бюджеті  тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

            1)  кірістер – 89 177 мың теңге:

салықтық түсімдер – 13 430 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –  0 теңге; 

трансферттер түсімі  –  75 747 мың теңге;

  • шығындар – 92 677 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 500 теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 500 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3500 теңге.»

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы                              Э.Б.Болатов

Дата публикации
02 сентября 2024