Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №210 8 тамыз 2024 жыл
Хромтау аудандық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№101 «2024-2026 жылдарға арналған
Хромтау ауданының бюджетін бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 14 991 819 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 11 740 300 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 40 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 196 419 мың теңге;
2) шығындар – 18 031 036,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 158 658 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 197 336 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 38 678 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 197 875,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 197 875,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 1 124 048 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 38 678 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 112 505,6 мың теңге.».
Аудандық мәслихаттың төрағасы Э. Болатов