Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №204 8 тамыз 2024 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті
жиырмасыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі Тлеумуратов Нұрхан Жасланұлының есебі.
2) Құдықсай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы – Құдықсай ауылдық округінің әкімі.
3) Қопа ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: Бусурманова Айгүл Мейрамбаевна – Қопа ауылдық округінің әкімі.
4) Тассай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: Әбдіров Ербол Амангелдіұлы – Тассай ауылдық округінің әкімі.
5) Табантал ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: Шакизаев Рүстем Жораұлы – Табантал ауылдық округінің әкімі.
6) Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
7) Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 133
«Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Хромтау ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
8) Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
9) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 15 сәуірдегі №177 «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Рсалин Койшыбай Ибраемович - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.
10) Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы.
Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Аудандық мәслихаттың төрағасы.
Хромтау аудандық Э.Б. Болатов
мәслихатының төрағасы