РЕШЕНИЕ Хромтауского районного маслихата №180

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №180                            10 маусым 2024 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс он сегізінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін бекіту туралы.

Баяндамашы: К.А. Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2)      Бөгетсай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

Баяндамашы:   Е.С. Кауанов – Бөгетсай ауылдық округінің әкімі.

3) Дөң ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

Баяндамашы:   Е.И. Аккулов – Дөң ауылдық округінің әкімі.

4)      Көктөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

Баяндамашы:   А.К. Зингин – Көктөбе ауылдық округінің әкімі.

5)      Қызылсу ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

         Баяндамашы:   А.Ж. Жұмабеков – Қызылсу ауылдық округінің әкімі.

6) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: К.А. Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

7) Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы.

Баяндамашы: Э.Б. Болатов - Аудандық мәслихаттың төрағасы.

 

 

Хромтау аудандық                                                           

мәслихатының төрағасы                                                           Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
12 июня 2024