Хромтау аудандық мәслихатының №179 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №179                         15 сәуір 2024 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы

№177 «Хромтау ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 39–3 бабтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32894 болып тіркелген)  сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №177 «Хромтау ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы                          Э.Б. Болатов

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024