Хромтау аудандық мәслихатының №177 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №177                 15 сәуір 2024 жыл

 

 

Аудандық жер комиссиясының

дербес құрамын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің     43 бабының 2 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық жер комиссиясының дербес құрамы бекітілсін:

 

Нұрсұлтан

Исембайұлы

 

Хромтау аудан әкімінің орынбасары,

комиссия төрағасы;

Әліп

Асылбек Еділұлы

«Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы,

комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері

 

Рсалин

Койшибай Ибраемович

 

«Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы;

 

Аманшиев

Альби Жаекпаевич

 

«Хромтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы;

Шабикбаев Сағындық Нұрғалиұлы

 

Хромтау қаласының әкімі;

Зейнолла

Аслан Қанатұлы

 

«Хромтау ауданы әкімінің бас инспекторы»;

Жаналин

Ұлан Мубаракұлы

 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының

Хромтау аудандық филиалының  директоры;

Нурмуханов

Төрғазы

 

Хромтау қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Мулдашева Багдашжан Кадыржановна

 

Аудандық мәслихат депутаты;

Ашабаев

Болат Бұзаубаевич

 

Қоғамдық кеңес төрағасы;

Бикиев

Мирхан Тюлюкбаевич

 

Хромтау аудандық ДТКБК Энергоцех басшысы;

Курманбаев Акылбек Жанибекулы

 

«Хромтау Су»  бас инженер;

Альмуратов

Нурлат Нұрланұлы

 

«Айнұр» шаруа қожалығының мүшесі;

Биржанов

Марал Кансултанович

Жергілікті қауымдастық мүшесі;

 

  1. Аудандық жер комиссиясы құрамы жер учаскелер ҚР Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес берілген жағдайда, комиссия құрамы жер учаскесі аумағында орналасқан аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген жергілікті халық өкілдерімен қосымша толықтырылсын:

 

Суиналин

Махамбет Арынғазыұлы

 

Абай ауылдық округінің әкімі;

Дуйсембин

Болатбек Жалгасович

 

Ақжар ауылдық округінің әкімі;

Ташенов

Қайрат Қажығалиұлы

 

Аққұдық ауылының әкімі;

Кауанов

Еркебулан Сарсенбаевич

 

Бөгетсай ауылдық округінің әкімі;

Аккулов

Ербол Избасканович

 

Дөң ауылдық округінің әкімі;

Усмаханов

Бахытбек Серикович

 

Көктау ауылдық округінің әкімі;

Бусурманова

Айгуль Мирамбаевна

 

Қопа ауылдық округінің әкімі;

Жұмабай

Қасым Шүйінішбайұлы

 

Құдықсай ауылдық округінің әкімі;

Жумабеков

Аскербек Жаканович

 

Қызылсу ауылдық округінің әкімі;

Зингин

Арыстангали Касымович

 

Көктөбе ауылдық округі әкімі;

Алдаберген

Ізбасты Әлібайұлы

 

Никельтау ауылының әкімі;

Шакизаев

Рүстем Жораұлы

 

Табантал ауылдық округінің әкімі;

Баймурзин

Асылбек Кадыржанович

 

Тасөткел ауылдық округі әкімі;

Абдиров

Ербол Амангелдіұлы

 

Тассай ауылдық округінің әкімі;

 

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген

жергілікті халық өкілдері

 

Ещанов Кенжалы

 

Абай ауылының жергілікті халық өкілі;

Сафин Умирзак

 

Ақжар ауылының жергілікті халық өкілі;

Ногайбаев Сабиржан

 

Аққұдық ауылының жергілікті халық өкілі;

Токин Жанаберген Мырзахметович

 

Бөгетсай ауылының жергілікті халық өкілі;

Құрманов Абзал Еркінұлы

 

Дөң ауылының жергілікті халық өкілі;

Жолмуханбетов                 Аскар Галымжанович

 

Көктау ауылының жергілікті халық өкілі;

Мурзаереев Сеиткул

 

Қопа ауылының жергілікті халық өкілі;

Шитт                            

Наташа Яковлевна

 

Құдықсай ауылының жергілікті халық өкілі;

Дауренбеков

Маулетшарип

 

Қызылсу ауылының жергілікті халық өкілі;

Дуйсеков

Сапар Сагимбаевич

 

Көктөбе ауылының жергілікті халық өкілі;

Утегенов

Еркин Туракбаевич

 

Никельтау ауылының жергілікті халық өкілі;

Мукашев

Сактаган Алгалиевич

 

Табантал ауылының жергілікті халық өкілі;

Мералин Муратхан

 

 

Тасөткел ауылының жергілікті халық өкілі;

Юревич

Юрий Николаевич

 

Тассай ауылының жергілікті халық өкілі;

 

  1. Аудандық жер комиссиясының ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихатының 2023жылғы 14 сәуірдегі №31, 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №71, 2024 жылғы 14 ақпандағы №135, 2024 жылғы 28 наурыздағы №150 шешімінің күші жойылсын.

 

 

Аудан мәслихаттың 2024 жылғы

«____» ______________ №_____

шешіміне қосымша

 

 

Аудандық жер комиссиясының ережесі

Жалпы ережелер

  1. Осы Жер комиссиясы туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2021 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жер комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Комиссияның функциялары мен құқықтары

  1. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
  2. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

Комиссияның қызметін ұйымдастыру

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
  2. Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
  3. Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
  4. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Үлгі ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Комиссия төрағасы:

      1) отырысты шақырады;

      2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;

      4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.

  1. Комиссия мүшелері:

      1) ұсынылған материалдармен танысады;

      2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;

      3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.

  1. Комиссия хатшысы:

      1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;

      2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

      3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;

      4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

      Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қатысатын қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрауы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

      Комиссия мүшесі, егер шешім қабылданған адам оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, баласы, бала асырап алушы, асырап алынған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), атасы, әжесі, немересі) немесе жекжаты (жұбайының (зайыбының) асырап алған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы және баласы) болса, Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартатынын мәлімдейді.

      Өздігінен бас тарту Комиссия отырысы басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімденуі тиіс.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2021 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
  2. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
  3. Комиссияның қорытындысы Жұмыс органы Комиссияға сұралған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуді немесе жер учаскесін алдын ала таңдауды қамтамасыз етуге сәйкес (елді мекен шекарасында объектілер құрылысын қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде) мәлімделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде үш данада хаттамалық шешім түрінде ресімделеді.

      Жұмыс органы ай сайын Комиссияның хаттамалық шешімдерін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2021 № 360 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

  1. Комиссия қорытындысының бір данасы қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге (оның өкіліне) мына тәсілдердің бірі арқылы беріледі (жіберіледі):

      қолма-қол;

      табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында;

      электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен;

      өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы бойынша табыс етіледі (жіберіледі).

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2021 № 360 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Қорытынды ережелер

  1. Өтінім беруші Комиссияның хаттамалық шешімін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануы мүмкін.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2021 № 360 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

  1. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті әкімнің аппаратына жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024