Хромтау аудандық мәслихатының №174 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №174                        15 сәуір 2024 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 520

«Хромтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Хромтау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Хромтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 520 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7585 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы                           Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
19 апреля 2024