Хромтау аудандық мәслихатының №173 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жоба

Хромтау қаласы                             №173                        15 сәуір 2024 жыл

 

Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен

тәртібін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы                           Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
19 апреля 2024