Хромтау аудандық мәслихатының №171 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жоба

Хромтау қаласы                             №171                                  15 сәуір 2024 жыл

 

Хромтау аудандық  мәслихатының

2023 жылғы 27 желтоқсандағы №129

«2024-2026  жылдарға арналған Тассай

 ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Тассай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №129 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2024-2026 жылдарға арналған Тассай ауылдық округінің  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 55 579 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер –  14 930 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі – 40 646 мың теңге;

2) шығындар –  47 577  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0  теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0  теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 4 501мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 501 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 501 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы                           Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
19 апреля 2024