Хромтау аудандық мәслихатының №167 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жоба

Хромтау қаласы                             №167                     15 сәуір 2024 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №125 «2024-2026 жылдарға арналған Құдықсай ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №125 шешімі негізінде «2024-2026 жылдарға арналған Құдықсай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

 «1. 2024-2026 жылдарға арналған Құдықсай ауылдық округі бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 62 787 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2730 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 60 057 мың теңге;

2) шығындар –  63 482 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 695 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 695 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу –0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –  695 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы                         Э.Б. Болатов

 

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024