Хромтау аудандық мәслихатының №156 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

Хромтау қаласы                                  №  156                                 04 сәуір 2024 жыл

 

 

«Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы

және жер қатынастары бөлімі» ММ нің

Көктемгі далалық жұмыстарына дайындық

барысы туралы»

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а А.Бурабайдың көктемгі далалық жұмыстарына дайындық барысы туралы» баяндамасы ескерілсін.
  2. Ауыл шаруашылығы құрылымдары Көктемгі далалық жұмыстары үшін бөлінетін жеңілдетілген дизель отынының уақытылы алуды  қамтамасыз ету үшін, ауыл әкімдері қажетті іс-шаралар ұйымдастырсын.
  3. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылық құрылымдарымен несие институтары арасындағы жұмысты жүргізу үшін ауыл әкімдері ықпал етсін.

 

 

Аудандық мәслихатының                                         

төрағасы                                                                                                Э.Б. Болатов

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024