Хромтау аудандық мәслихатының №154 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                № 154                    4 сәуір 2024 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2023 жылғы 22 желтоқсандағы

№101 «2024-2026 жылдарға арналған

Хромтау ауданының бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 13 921 396 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 187 300 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 15 100 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 713 996 мың теңге;

2) шығындар –  16 033 901,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 158 658 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 197 336 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 38 678 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 271 163,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               2 271 163,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 197 336 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 38 678 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 112 505,6 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы               Э.Б. Болатов

Дата публикации
19 апреля 2024