Хромтау аудандық мәслихатының №153 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №153                      4 сәіур 2024 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс он алтыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №101 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №223 «Хромтау қаласының Бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Аманшиев Алиби Жайыкбаевич - Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

3) Көктемгі далалық жұмыстарына дайындық барысы туралы.

Баяндамашы: Бурабай Асланбек – аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының м.а.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                        Э.Б. Болатов

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024