Хромтау аудандық мәслихатының №132 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №132                              14 ақпан 2024 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс он төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Хромтау ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы.

Баяндамашы: Ж.Аширбекова – Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының м.а.

2) Хромтау ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы.

Баяндамашы: Булисбаев Т.Н.        - «Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы.

3) Хромтау аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14 сәуірдегі №31 «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: К.И. Рсалин - Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

4) Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы  №189  «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Н.Исембайұлы - Хромтау аудандық әкімі аппаратының басшысы.

 

Аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                               Э.Б. Болатов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 апреля 2024