Хромтау аудандық мәслихатының №130 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Хромтау қаласы                             №130                     27 желтоқсан 2023 жыл

2024-2026 жылдарға арналған

Тасөткел ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің  9-1 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Тасөткел ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

                1)  кірістер – 61  980  мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 190 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 

трансферттер түсімі  – 60 790 мың теңге;

  • шығындар – 61 980 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Тасөткел ауылдық округінің бюджетінің кірісіне мыналар

    есептелетін  болып  белгіленсін:

    салықтық түсімдер бойынша:

    табыс салығы, оның ішінде жеке табыс салығы;

    меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:

    мүлікке салынатын салықтар;

    жер салығы;

    көлік құралдарына салынатын салық;

тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдер;

салықтық емес түсімдер бойынша:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
         жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1)  жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге;

2) жәрдемақыларды  және  өзге  де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік  көрсеткіш – 3 962 теңге;

3)  базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен 2024 жылға берілетін субвенция көлемі 42 759 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. Хромтау аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен 2024 жылға арналған 29 727 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт бөлінгені ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттің сомасын бөлу Тасөткел ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде айқындалады.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық                                                                        Э. Б. Болатов

мәслихатының төрағасы

 

Дата публикации
29 декабря 2023