Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №127 27 желтоқсан 2023 жыл
2024-2026 жылдарға арналған
Никельтау ауылының
бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кiрiстер: - 64 102 мың теңге;
салықтық түсiмдер – 2 780 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсiмi - 61 322 мың теңге;
2) шығындар – 64 102 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу: - 0 теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: - 0 теңге;
қаржы активтерді сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану): - 0 теңге;
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
Салықтық түсімдер:
жеке табыс салығы;
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
көлік құралдары салығы;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
Салықтық емес түсімдер:
әкім салатын айыппұлдар;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;
мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
аудандық бюджеттен берілетін трансферттер;
басқа да салықтық емес түсімдер.
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 85 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 3 692 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Никельтау ауылының әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов