Хромтау аудандық мәслихатының №125 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Хромтау қаласы                             №125                     27 желтоқсан 2023 жыл

 

2024-2026 жылдарға арналған

Құдықсай ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының  және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Құдықсай ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер: - 48 187 мың теңге;

салықтық түсiмдер - 1 330 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

трансферттер түсiмi - 46 857 мың теңге;

2) шығындар - 48 187 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу: - 0 теңге;

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: - 0 теңге;

қаржы активтерді сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру                                 

(профицитін пайдалану): - 0 теңге;

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

Салықтық түсімдер:                                                              

         жеке табыс салығы;                                                               

         жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

         жер салығы;

         көлік құралдары салығы;

         сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Салықтық емес түсімдер:

         әкім салатын айыппұлдар;

         жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

         коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

         мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

         аудандық бюджеттен берілетін трансферттер;

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері - 85 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш  - 3 692 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге  болып белгіленгені  ескерілсін  және  басшылыққа  алынсын.

  1. 2024 жылға арналған Құдықсай ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілген  28 857,0 мың теңге соммасында субвенция көлемі  ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған Құдықсай ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі 18 000,0 мың теңге ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Құдықсай     ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық                                                                

мәслихатының торағасы                                                             Э.Б. Болатов

Дата публикации
29 декабря 2023