Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №124 27 желтоқсан 2023 жыл
2024-2026 жылдарға арналған
Қопа ауылдық округінің
бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кiрiстер 97 947 мың теңге;
салықтық түсiмдер 3 790 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 0 теңге;
трансферттер түсiмi 94 157 мың теңге;
2) шығындар 97 947 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 0 теңге;
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
қаржы активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 теңге;
қарыздар түсімі 0 теңге;
қарыздарды өтеу 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.
Салықтық түсімдер:
жеке табыс салығы;
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
көлік құралдары салығы;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
Салықтық емес түсімдер:
әкім салатын айыппұлдар;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;
мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
аудандық бюджеттен берілетін трансферттер;
басқа да салықтық емес түсімдер.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер:
мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;
2) айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Қопа ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Хромтау аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов