Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №123 27 желтоқсан 2023 жыл
2024-2026 жылдарға арналған
Көктөбе ауылдық округінің
бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) кiрiстер: 33 256 мың теңге;
салықтық түсiмдер 2 840 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсiмi 30 416 мың теңге;
2) шығындар 33 256 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу: 0 теңге;
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо: 0 теңге;
қаржы активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитін пайдалану): 0 теңге;
қарыздар түсімі 0 теңге;
қарыздарды өтеу 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.
Салықтық түсімдер:
жеке табыс салығы;
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
көлік құралдары салығы;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
Салықтық емес түсімдер:
әкім салатын айыппұлдар;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;
мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
аудандық бюджеттен берілетін трансферттер;
басқа да салықтық емес түсімдер.
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 85 000 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшері - 57 853 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 3 692 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 43 407 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Көктөбе ауылдық округі әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Хромтау аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов