Хромтау аудандық мәслихатының №119 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №119                             27 желтоқсан 2023 жыл

 

2024-2026 жылдарға арналған

Аққұдық ауылының бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына  және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Аққұдық ауылының бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер                                                                             42 394 мың теңге,

оның ішінде:

салықтық түсiмдер                                                               1 040  мың теңге;

салықтық емес түсiмдер                                                                       0 теңге;

трансферттер түсiмi                                                            41 354  мың теңге;

2) шығындар                                                                        42 394  мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу                                                                0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо                      0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)                                                    0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану)                                                                        0 теңге.

  1. Ауыл бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

Салықтық түсімдер:

         жеке табыс салығы;

         жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

         жер салығы;

         көлік құралдары салығы;

         сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Салықтық емес түсімдер:

         әкім салатын айыппұлдар;

         жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

         коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

 

         аудандық бюджеттен берілетін трансферттер.

басқа да салықтық емес түсімдер. Негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер: мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін  түсімдерді қоспағанда,жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, ескерілсін және басшылыққа алынсын:

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері - 85 000 теңге;

2) айлық есептiк көрсеткiш - 3692  теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен  күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.

  1. 2024  жылға  арналған  Аққұдық  ауылының  бюджетіне аудандық бюджеттен 25 488  мың тенге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған Аққұдық ауылының бюджетіне аудандық бюджеттен 15 866 мың тенге соммасындағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің  сомаларын бөлу Аққұдық  ауылы әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы

 

Э.Б. Болатов

Дата публикации
29 декабря 2023