Хромтау аудандық мәслихатының №117 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №   117                 27 желтоқсан 2023 жыл

 

2024-2026 жылдарға арналған

Абай ауылдық округінің

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

                1)  кірістер – 58 743  мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 430 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  – 53 313 мың теңге;

  • шығындар – 58 743 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге;

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Абай ауылдық округінің бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып  белгіленсін:

салықтық түсімдер бойынша:

табыс салығы, оның ішінде жеке табыс салығы;

меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдер;

салықтық емес түсімдер бойынша:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
         жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 - бабына сәйкес, ескерілсін және басшылыққа алынсын:

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) зейнетақының ең төмен мөлшері – 57 853 теңге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын,  салықтар мен басқа да  төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

  1. 2024 жылға  арналған Абай ауылдық округінің бюджетіне  аудандық бюджеттен берілген 25 813 мың теңге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған Абай ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен 27 500 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Абай ауылдық округінің әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                       Э.Б. Болатов

Дата публикации
29 декабря 2023