Хромтау аудандық мәслихатының №116 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №   116                  27 желтоқсан 2023 жыл

2024-2026 жылдарға арналған

Хромтау қаласының

бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының   6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Хромтау қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

                1)  кірістер – 1 300 632  мың теңге:

салықтық түсімдер – 304 000 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 000 мың теңге; 

трансферттер түсімдері  – 989 632 мың теңге;

  • шығындар – 1 300 632 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Хромтау қаласы бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

салықтық түсімдер бойынша:

табыс салығы, оның ішінде жеке табыс салығы;

меншікке салынатын салықтар, оның ішінде:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар, оның ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемдер;

салықтық емес түсімдер бойынша:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
         жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен түсетін кірістер;

коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1)  жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге;

2) айлық есептік  көрсеткіш  - 3 692 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшердерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге болып белгіленсін.

  1. 2024 жылға арналған Хромтау қаласының бюджетіне  аудандық бюджеттен берілген 137 939 мың теңге соммасында субвенция көлемі ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған Хромтау қаласының бюджетіне аудандық бюджеттен 851 693 мың теңге соммасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Хромтау қаласы әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                Э.Б.  Болатов

 

 
Дата публикации
29 декабря 2023