Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы № 100 15 желтоқсан 2023 жыл
Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы №120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібінде айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:
10 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10.Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.».
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов