Хромтау аудандық мәслихатының №104 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                            №104                    22 желтоқсан 2023 жыл

 

Аудандық мәслихаттың бюджет,

экономика, қоршаған ортаны

қорғау және табиғи қорларды

тиімді пайдалану жөніндегі

тұрақты комиссиясының есебі

туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі назарға алынсын.
  2. Қоса беріліп отырған Хромтау аудандық мәслихатының бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  3. Осы комиссияның (комиссия төрағасы У.М. Жаналин) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен мәслихат шешімдерінің, өз ұсыныстарының орындалуын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы жандандырылсын.

 

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы                                   Э.Б. Болатов

Дата публикации
26 декабря 2023