Хромтау аудандық мәслихатының №101 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                              №101                        22 желтоқсан 2023 жыл

2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін

бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 9 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мындай көлемде бекітілсін:

1) кірістер                                                                        14 238 749 мың теңге;

салықтық түсімдер                                                         10 295 348 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                       15 402 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер                         3 000 мың теңге;

трансферттер  түсімі                                                        3 924 999 мың теңге;

2) шығындар                                                               14 238 749 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу                                               - 4 604 мың теңге;

бюджеттік кредиттер                                                            20 700 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                                                 25 304 мың теңге; 

4) қаржы активтерiмен

операциялар бойынша сальдо:                                                               

қаржы активтерiн сатып алу                                                                  0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер                  0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)                                      4 604 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профициттін пайдалану)                                                   - 4 604 мың теңге;

қарыздар түсімі                                                                  20 700 мың теңге;

қарыздарды өтеу                                                                        25 304 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары                                 0 теңге.

  1. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетін болып белгіленсін:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;

бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы;

облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;

мыналардан:

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;

тіркелген салық;

мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

бірыңғай жер салығы облыстық маңызы бар қала бюджетіне түсетін салықтық түсім болып табылады;

қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж.

Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:

коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;

шетелдіктер үшін туристік жарналар;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.

Облыстық бюджеттен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен берілетін трансферттер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады.

  1. Қазақстан Республикасының «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 8 - бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) зейнетақының ең төмен мөлшері – 57 853 мың теңге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын,  салықтар мен басқа да  төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте салық түсімдерінің жалпы сомасын келесі мөлшерде бөлу белгіленсін:

1) төлем көзінен кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша                       60 пайыз;

2)  әлеуметтік салық бойынша  60 пайыз;

3) мұнай секторындағы ұйымдардың кірістерін қоспағанда, кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығы 60 пайыз.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар 5 260 568 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен аудандық манызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар 765 295 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттер түскені ескерілсін:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне;

2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

3) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

4) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

5) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;

7) «Ауыл-ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

8) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

9) нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға;

10) ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға.

Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттер түскені ескерілсін:

         1)_мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға.

Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері түскені ескерілсін:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

2) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

3) халықты жұмыспен қамтуға  жәрдемдесуге;

4) қосалқы компенсаторлық құралдарға;

5) арнаулы жүріп-тұру құралдарына;

6) протездік-ортопедиялық құралдарға;

7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді – мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге;

8) нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға;

9) ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

10) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға.

Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 105 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы

 

Э.Б. Болатов

Дата публикации
26 декабря 2023