Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №100 22 желтоқсан 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті
он екінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) 2024-2026 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы.
Баяндамашы: К.А. Тлеубаев - «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.
2) Хромтау ауданы бойынша салынған және салынастын нысандар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша жұмыстардың атқарылуы туралы.
Баяндамашы: А.Ж. Аманшиев – Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.
3) Тассай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.
Баяндамашы: Е.Абдиров – Тассай ауылдық округінің әкімі.
4) Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
Баяндамашы: У.Жаналин – аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
5) Аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
Баяндамашы: Б.Мулдашева – аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
6) Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: А.О. Мухамеджанова – «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің аппарат басшысы.
7) Хромтау аудандық мәслихаты мен аппаратының 2024 жылға арналған құрылымын бекіту туралы.
Хабарламашы: А.О. Мухамеджанова – «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің аппарат басшысы.
8) 2024 жылға арналған Хромтау ауданының басқару схемасын бекіту туралы.
Хабарламашы: Н.Исембайұлы – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
9) Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 574 «Аудан әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.Исембайұлы – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
10) Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №335 «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Хасанов Нурлан Мырзалиевич – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
11) Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы №120 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібінде айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович - Хромтау аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
12) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Баяндамашы: Э.Б. Болатов – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Э.Б. Болатов