Қаулы № 316 Шешім №97
15.12.2023 15.12.2023
Хромтау қаласы
Хромтау аудандық әкімдігінің және
мәслихаттың 2012 жылғы 07 тамыздағы
№247/51 «Хромтау қаласының көшелеріне
атаулар беру туралы» бірлескен қаулысы мен
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 35 бабы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабына cәйкес, Хромтау қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылдың 20 шілдедегі №2 және 07 желтоқсандағы №4 қорытындысы негізінде, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1 тармағында:
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Асфалт көшесі» сөздері «Тасбұлақ көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Дорожная көшесі» сөздері «Көкпекті көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Заготзерно көшесі» сөздері «Ақтасты көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Молодежная көшесі» сөздері «Қазыбай көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Новая көшесі» сөздері «Ізтай Мәмбетов көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Переездная көшесі» сөздері «Көкөзек көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Подстанция көшесі» сөздері «Жосалы көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Подхоз көшесі» сөздері «Көптоғай көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Целинная көшесі» сөздері «Қызылқайың көшесі» сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде «Элеватор көшесі» сөздері «Талдыбұлақ көшесі» сөздерімен ауыстырылсын.
|
|
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы Э.Болатов