Хромтау аудандық мәслихатының №95 шешімі

 

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №95                        15 желтоқсан 2023 жыл

 

Аудандық мәслихаттың кезектен

тыс он бірінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №302 «2023-2025 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2) Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2012 жылғы 07 тамыздағы №247/51 «Хромтау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы:  Шабикбаев Сағындық Нургалиевич - Хромтау қаласының әкімі.

3) Хромтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы        № 330 «Хромтау ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.

Баяндамашы: Булисбаев Талғат Низамадинович - Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

4) Хромтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 08 қарашадағы №274 «Хромтау ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Турлыбаев Даурен Қойбағарович      - Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

 

Хромтау аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                        Э.Б. Болатов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2023