Хромтау аудандық мәслихатының №85 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                             №85                                              2023 жыл

 

Хромтау аудандық  мәслихатының

2022 жылғы 30 желтоқсандағы №320

«2023-2025  жылдарға арналған Дөң

 ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Дөң ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №320 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2023-2025 жылдарға арналған Дөң ауылдық округінің  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 120 510 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 22 050 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 314  теңге;

трансферттер түсімі – 98 460 мың теңге;

2) шығындар –  127 817 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0  теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0  теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -7 307   теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 307 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 307 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                              

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы

 

Э.Б. Болатов

Дата публикации
09 ноября 2023