Хромтау аудандық мәслихатының №74 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                № 74                           31 қазан 2023 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2022 жылғы 23 желтоқсандағы

№302 «2023-2025 жылдарға арналған

Хромтау ауданының бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №302 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 12 915 899 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 9 844 348 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 95 402 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2 973 149 мың теңге;

2) шығындар –  14 457 663,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 170 407 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 195 711 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 25 304 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 712 171,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               1 712 171,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 77 813 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 25 304 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 659 662,9 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы               Э.Б. Болатов

Дата публикации
31 октября 2023