Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №73 31 қазан 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №302 «2023-2025 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №287 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Хасанов Нурлан Мырзалиевич – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
3) Депутаттық сауал.
Баяндамашы: Жаналин Улан Мүбаракович - Хромтау аудандық мәслихатының депутаты.
4) Хромтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 89 «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Мухамеджанова Анара Орынбаевна – аудандық мәслихаттың аппарат басшысы.
5) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 30 мамырдағы №214 «Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Казмагамбетов Айнат Саматович - Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Хромтау аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов