Хромтау ауданы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫсы және
Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №70 27 қыркүйек 2023 жыл
Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық
құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Абай, Қызылсу, Дөң ауылдық округтері және Хромтау қаласының халқының пікірін ескере отырып Хромтау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Қоса беріліп отырған № схемалық картаға сәйкес Абай ауылдық округі шекералары құрамынан жалпы көлемі - 552 гектар жер учаскесін шығара отырып Хромтау қаласының аумағына өзгертілсін.
Жалпы көлемі - 99 023 гектар болып Абай ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
2) Қоса беріліп отырған № схемалық картаға сәйкес Қызылсу ауылдық округі шекералары құрамынан жалпы көлемі - 1503 гектар жер учаскесін шығара отырып Хромтау қаласының аумағына өзгертілсін.
Жалпы көлемі - 121 792 гектар болып Қызылсу ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
3) Қоса беріліп отырған № схемалық картаға сәйкес Дөң ауылдық округі шекералары құрамынан жалпы көлемі - 111 гектар жер учаскесін шығара отырып Хромтау қаласының аумағына өзгертілсін.
Хромтау қаласының шекарасы құрамынан жалпы көлемі 262 гектар жер учаскесін шығара отырып Дөң ауылдық округінің аумағына өзгертілсін.
Жалпы көлемі - 57 860 гектар болып Дөң ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
4) Қоса беріліп отырған № схемалық картаға сәйкес Дөң ауылдық округінен көлемі - 111 гектар, Қызылсу ауылдық округінен көлемі - 1503, Абай ауылдық округінен көлемі - 552 гектар жалпы көлемі - 2166 гектар жер учаскесі Хромтау қаласының аумағына өзгертілсін.
Хромтау ауданының әкімі Н.Тілеумұратов
Хромтау аудандық мәслихаттың Э.Болатов
Төрағасы