Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №65 27 қыркүйек 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті
сегізінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі Н.Ж. Тлеумұратовтың есебі.
Баяндамашы: Н.Ж. Тлеумұратов - Хромтау ауданының әкімі.
2) Хромтау ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметі туралы.
Баяндамашы: Бақбергенов М.- Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысының м.а.
3) Хромтау ауданы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуы туралы.
Баяндамашы: Т.Н. Адилов - «Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ басшысы.
4) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №287 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Н.М. Хасанов – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
5) Хромтау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ж.А. Сарманов - Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы
6) Хромтау аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14 сәуірдегі №31 «Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ж.А. Сарманов - Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.
7) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Баяндамашы: Э.Б. Болатов – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы
Хромтау аудандық Э.Б. Болатов
мәслихатының төрағасы