Хромтау аудандық мәслихатының №43 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                 № 43                        14 шілде 2023 жыл

 

 

Аудандық мәслихатының 2014 жылғы

27 мамырдағы №189 «Аудан әкімдігі

жанындағы кәмелетке толмағандардың

істері және олардың құқықтарын қорғау

 жөніндегі комиссияның дербес құрамын

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы №189  «Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • Жоғарыда аталған комиссия құрамына енгізілсін:

                                                      

Сағынбай                                                      

Фархад Сүлейменұлы                          

- Хромтау аудандық мәслихатының депутаты, «Қаһарман» ҚБ басшысы;

(келісім бойынша)

 

 

Мырзагелдин

Куаныш Таңжарықұлы

 

-Хромтау аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімше бастығының м.а. (келісім бойынша);

                                                     

Турлыбаев                                                        

Даурен Койбагарович                                             

- Хромтау аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысының м.а;

 

Корпебаева

Жанар Утегуловна

 

-Хромтау тау кен техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

  • Жоғарыда аталған комиссия құрамынан А.Е.Утегенов, М.К.Биржанов, Т.К.Уразбаев шығарылсын.

 

Аудандық мәслихаттың төрағасы                                    Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
14 июля 2023